Ақпарат » Страница 3 » Коммунальное государственное учреждение "Гимназия №41 имени А.С. Пушкина" отдела образования города Тараз Жамбылской области
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"А.С.Пушкина атыдағы №41 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(7262) 54-07-33
Қабылдау бөлімі
+7(7262) 54-07-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Балаңыз кіммен дос?»
22
мамыр
2025
«Балаңыз кіммен дос?»
«Балаңыз кіммен дос?» тақырыбында ата-аналарға арналған түсіндіру сағаты өткізілді. Жиында жасөспірімдердің достық қарым-қатынасы, әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіне әсері, тәуекел топтарының белгілері талқыланды. Ата-аналарға бала тәрбиесінде назар аударатын маңызды жайттар түсіндірілді. Шараға мектеп психологы, ювеналды полиция қызметкері және «Қауіпсіз орта» ҮЕҰ өкілдері қатысты.
«Лудомания-қоғам дерті» әңгіме-дәріс
22
мамыр
2025
«Лудомания-қоғам дерті» әңгіме-дәріс
Лудоманияның қоғамға тигізетін теріс әсерлері туралы әңгіме-дәріс өткізілді. Оқушыларға тәуелділіктің алдын алу және психологиялық қолдау шаралары түсіндірілді. Мектеп психологы және «Денсаулық» қоғамдық ұйымының өкілдері қатысты.
«Қиын оқушымен жұмыс» тақырыбындағы тренинг
21
мамыр
2025
«Қиын оқушымен жұмыс» тақырыбындағы тренинг
Мектеп педагогтеріне арналған «Қиын оқушымен жұмыс» тақырыбындағы тренинг өткізілді. Тренинг барысында мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату, мотивация беру, жанжал жағдайларын басқару және психологиялық қолдау көрсету әдістері қарастырылды. Шараға мектеп психологтары, білім бөлімінің әдіскерлері және «Педагогтарға көмек» ҮЕҰ мамандары қатысты.
«Ақша – мақсат па, құрал ма?» диспут
20
мамыр
2025
«Ақша – мақсат па, құрал ма?» диспут
«Ақша – мақсат па, құрал ма?» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында диспут ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар материалдық құндылықтар мен рухани байлықтың арақатынасы, қаржының адам өміріндегі орны, сондай-ақ қаржылық сауаттылық мәселелерін жан-жақты талқылады.
«Жаза емес, тәрбие-басты құрал» тақырыбында пікірсайыс
19
мамыр
2025
«Жаза емес, тәрбие-басты құрал» тақырыбында пікірсайыс
«Жаза емес, тәрбие – басты құрал» тақырыбында мұғалімдер   арасында пікірсайыс өткізілді. Іс-шара барысында тәртіп бұзушылықтың алдын алуда жазалаудың орнына тәрбиелік тәсілдердің маңыздылығы, қоғамдағы оң мінез-құлық қалыптастыру жолдары талқыланды. Пікірсайысқа мектеп парламенті мүшелері, пән мұғалімдері, ювеналды полиция қызметкері.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу: ағартушылық пен диалогтың маңызы.
16
мамыр
2025
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу: ағартушылық пен диалогтың
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу: ағартушылық пен диалогтың маңызы. А. С. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған дәріс өтті. Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Д. А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өкілдері және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Жақсылықов Б.Р. қатысты.
«Экстремизм – білімсіздіктің жемісі»
15
мамыр
2025
«Экстремизм – білімсіздіктің жемісі»
«Экстремизм – білімсіздіктің жемісі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Шара барысында оқушыларға экстремизм ұғымы, оның пайда болу себептері, радикалды көзқарастардың жастарға тигізетін зияны және одан қорғану жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, экстремизмге қарсы бағытталған заң баптары талқыланды. Оқушылардан құралған агитбригада өз өнерлері арқылы экстремизмнің қоғамға қауіптілігін көрсетіп, бейбітшілік пен білімнің
«Буллингтен қорған! алдын алу шарасы дәріс-әңгіме
12
мамыр
2025
«Буллингтен қорған! алдын алу шарасы дәріс-әңгіме
Оқушыларға буллингтің алдын алу және одан қорғану жолдары туралы дәріс-әңгіме өткізілді. Іс-шараға мектеп психологы және «Балаларды қорғау» ҮЕҰ мамандары қатысты.
Зиянды әдеттердің алдын алу – салауатты болашаққа бастар жол!
06
мамыр
2025
Зиянды әдеттердің алдын алу – салауатты болашаққа бастар жол!
 Апта аясында мектебімізде әлеуметтік педагог Антонов А.А.-ның ұйымдастыруымен оқушылармен зиянды әдеттердің алдын алу бойынша танымдық шаралар өтті. 🚭 Шара барысында: темекі шегу мен алкогольдің зияны, нашақорлықтың салдары, салауатты өмір салтының маңызы туралы ақпараттар берілді. 💬 Оқушылармен ашық сұхбат ұйымдастырылып, өмірлік маңызды таңдау жасауға бағыт берілді. 🏃‍♂️ Спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау сынды пайдалы дағдылар талқыланды. ✅ Мақсат – жасөспірімдер
ГОРДОСТЬ ГИМНАЗИИ! Поздравляем!!!
06
мамыр
2025
ГОРДОСТЬ ГИМНАЗИИ! Поздравляем!!!
ГОРДОСТЬ ГИМНАЗИИ! Ученик 9 «ІТ» класса нашей гимназии Өтеулі Нұржас вошел в республиканскую энциклопедию для одарённых детей «Алтын ұрпақ – Золотое поколение»! Поздравляем Нуржаса с этим заслуженным признанием! Желаем ему новых высот в учёбе, исполнения мечт и светлого, успешного будущего! #АлтынҰрпақ #ЗолотоеПоколение #ГордостьГимназии